Шымкенттік гимнастшылар Қазақстан кубогынан жеңіспен оралды

0
1 197

​2018 жылдың 15- 17 наурыз аралығында Ақтау қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан кубогы өтті.


Шымкенттік гимнастшылар Қазақстан кубогынан жеңіспен оралды

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 15- 17 наурыз аралығында Ақтау қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан кубогы өтті. ОҚО гимнастшылары барлық жас ерекшелігі бойынша сайыстарда жеңімпаз атанды. Жеке бағдарламалар бойынша жəне топтық жаттығулардан облыс командасы 6 мүмкіндіктен 6 алтын медалін жеңіп алды.