Швейцарияда ІІІ жасөспірімдер қысқы олимпиада ойындары басталды

0
1 027

Еліміздің көк байрағын тау шаңғысынан сынға түскен Владислав Шлемов көтеріп шықты.


Швейцарияда ІІІ жасөспірімдер қысқы олимпиада ойындары басталды

ERNUR.KZ. Швейцарияның Лозанна қаласындағы «Malley» мұз сарайында ІІІ қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтуде. Салтанатты шеруге Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысты деп жазады Olympic.kz.

Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатына Швейцарияға аттанған қазақстандық спортшылардың алғашқы легі қатысты. Еліміздің көк байрағын тау шаңғысынан сынға түскен Владислав Шлемов көтеріп шықты.
«Еліміздің көк туын көтеріп шығу үлкен абырой. Кеудемді мақтаныш сезімі кернеп тұр. Бір жағына, жауапкершілік те артуда. Шынын айтқанда, аздап қобалжып тұрмын. Қазақстанның байрағын мұндай ірі бәсекеде көтеріп шығу міндетін алғаш рет орындайын деп тұрмын. Бұрын-соңды еліміздің туын алып шығу мәртебесі бұйырмаған. Ашылу салтанаты аяқталған соң, жарысқа дайындаламыз. Жақсылап өнер көрсетуді мақсат еттік», - дейді байрақ көтеріп шығу мәртебесіне ие болған Владислав Шлемов.
Айта кетелік, тау шаңғысынан сынға түсетін спортшылар Олимпиадада алғашқылардың бірі болып бақ сынайды. Владислав Шлемов пен Александра Троицкая 10 қаңтар күні Супергигант бағдарламасы бойынша сынға түседі.