ШЫМКЕНТ: Асық атудан және бес асықтан ел кубогы сарапқа салынды

0
2 687

Ұлттық спорт ойындарының ел кубогы жолындағы жарысы басталды.


ШЫМКЕНТ: Асық атудан және бес асықтан ел кубогы сарапқа салынды

Бүгін Шымкентте қазақтың ұлттық ойыны - асық атудан және бес асықтан ұлттық спорт ойындарынан ҚР Кубогі жарысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар 7 облыстық мергендері қатысуда. Оған жалпы 56 үміткер қатысып, аталған сайыста өз бақтарын сынауда.

Айта кету керек, аталмыш жарыс төрт күнге созылады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Республикалық Асық ату федерациясының вице-президенті Жомарт Сабыржанов, №89 лицей орта мектебінің директоры Қасым Атабаев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Шаханов және Шымкент қалалық Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша кешенді спорт клубының директоры Нұрлан Жабаевтар арнайы келіп, жарысқа қатысушыларын сәттілік тіледі.

Бүгінгі таңда асық ату мен бес асық ойындарына жастардың қызығушылық күннен-күнге арта түсуде. Биыл асық ату спорты жылдық бағдарламаға еніп, оған мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде.