Shymkent Challenger турнирі басталды

0
1 140

Жүлде қоры 50 000 АҚШ доллары болған доданың бүгін, 6 маусым күні 1/8финал бәсекелері өтті.


Shymkent Challenger турнирі басталды

ERNUR.KZ. Шымкентте теннистен ATP тұжырымына кіретін теннис турнирі басталды. Екінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге 20 дан артық елден 100 ге жуық теннисшілер келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.тілшісі.

Турнирде Қазақстан атынан Александр Недовесов, Тимур Хабибулин, Роман Хасанов және Денис Евсеевтер бақ сынайтын болады.

Жүлде қоры 50 000 АҚШ доллары болған доданың бүгін, 6 маусым күні 1/8финал бәсекелері өтті.

Отандасымыз Александр Недовесов германиялық Даниэль Мазурға қарсы кортқа шықты. Бірінші сет 49 минут жалғасып, онда Недовесов 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Мазур таразы басын теңестіруге тырысты. Бірақ, жанкүйерлердің алдында намысқа тырысқан Александр Недовесов қатесіз ойын көрсетіп, 6:2 есебімен басым түсті.

Оның келесі айналымдағы қарсыласы боливиялық Уго Дельен болады. Дельен ширек финал жолдамасы үшін хорватиялық Анте Павичке қарсы кортқа шығып, 6:2, 6:4 есептерімен жеңіске жетті. Сондай ақ, ширек финалға германиялық Ян Ханфманн, Себастьян Офнер, Лоренцо Жустиноларда жолдама алды. Ақтық ойыны 9 маусым күні өтеді.