Шымкент жастар лигасына 536 команда қатысады

0
2 594

140 мектеп өтініш білдірген.


Шымкент жастар лигасына 536 команда қатысады
Шымкент жастар лигасына 536 команда қатысып, 4 спорт түрінен бақ сынасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында мектеп оқушыларын салауатты өмірге баулып, ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» өтеді.
Оларды қолдау бойынша фан-клубтар құрылып, әр команданың атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталды.
Жобаға қатысу үшін 4 спорт түрінен 140 мектеп өтініш берген.
Атап айтқанда, Абай ауданы -146, Әл-Фараби ауданы - 105, Еңбекші ауданы - 136, Қаратау ауданы -149 команда қатысуға ниет білдірген.
Ойын барысында фан-клуб мүшелері өз командаларына жанкүйерлік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.