Шымкентте әуесқой футбол лигасы өтіп жатыр

0
1 794


Шымкентте әуесқой футбол лигасы өтіп жатыр

Əуесқой футбол лигасының 2-айналымының 7-тур матчтары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғашқы ойын "REAL- Шымкент" пен "FC Dostar" арасында өтті. Ойын тартысты өтіп, мұнда бір команданың футболшылары гол соқты. Қарсыластарынан басым болған "FC Dostar" ұжымы 3:0 есебімен жеңісті тойлады.

Ал, "Мелиоатор" мен "Ардагер" ұжымдарының ойыны голдарға толы болды. Мұнда дайындығы жоғары болған "Ардагер" ұжымы 6:2 есебімен басым түсті. Спортшылардан құралған "Палуандар" командасы да бұл жолы жеңіске жетті. Олар "Сұңқар" футболшыларын 7:1 есебімен тас-талқанын шығарса, "Искра" - "Арыс" ойыны тең нəтижемен аяқталды - 1:1.