Шымкентте регбиден ел чемпионатының бірінші кезеңі өтті

0
1 160

Жарыста Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы 4 кездесу өткізіп, 3 ойында жеңіске жетті. Осылайша, спортшыларымыз топта екінші орында келеді. Турнир кестесінде Алматы командасы көш бастап тұр.


Шымкентте регбиден ел чемпионатының бірінші кезеңі өтті

2018 жылдың 14 – 16 сәуір күндері Шымкенттегі «Биік» спорт орталығында регбиден ерлер мен қыздар арасында Қазақстан чемпионатының бірінші айналымы өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарыста Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы 4 кездесу өткізіп, 3 ойында жеңіске жетті. Осылайша, спортшыларымыз топта екінші орында келеді. Турнир кестесінде Алматы командасы көш бастап тұр.

Қыздар арасында Алматыдан келген қос команда "Азия спорт 1" мен жастардан құралған "Азия спорт 2" кездесті. Мұнда тәжірибиесі мол "Азия Спорт 1" ұжымы 53:0 есебімен жеңіске жетті.

Талдығорғанның "Олимп" командасы Алматы облысының клубын 12:5 есебімен жеңді. Ел чемпионатының 2 - кезеңі маусым айында Қарағанды қаласында өтеді деп жоспарлануда.