Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

0
575

Сайыстың жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды.


 Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Чемпионатты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастыруда. «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс алдағы шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Іс шараның мақсаты - халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа есімдерді анықтау.
Айта кетейік, шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мемлекеттік бюджеттен еш қаржысыз ұйымдастырылады. Жарыс "Black Rock Business"ЖШС-нің демеушілігімен өтеді. Жалпы сайыстың жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ. Ал чемпионаттың талап-ережелерімен Қазақстан шахмат федерациясының ресми сайтынан танысуға болады.