Шымкентте стенд атудан спартакиада өтті

0
1 328

Жастар арасында жалпы командалық есепте ОҚО командасы бірінші орыннан көрінді. Кейінгі орындардан Қызылорда облысы мен Алматы қаласының мергендеріне бұйырды.


Шымкентте стенд атудан спартакиада өтті

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 16-23 мамыр аралығында Шымкент қаласындағы «Элдорадо» спорттық кешенінде Стенд атудан Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының IX Жазғы спартакиадасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Гран-приі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарысқа Астана, Алматы қалаларымен қатар Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 80 ге тарта спортшы қатысты. Жастар арасында 3 және 2 - орында ОҚО құрама кормандасының мергендері Наджаф Асади мен Богдан Конченко иеленді. Ал, бірінші орын Қызылорда облысының спортшысы Алишер Айсалбаевқа бұйырды.

Жастар арасында жалпы командалық есепте ОҚО командасы бірінші орыннан көрінді. Кейінгі орындардан Қызылорда облысы мен Алматы қаласының мергендеріне бұйырды.


Қыздар арасындағы сайыстарда да Оңтүстік Қазақстан облысының командасына қарсылас шақ келмеді. Аралас жұпта Алматы қаласынан келген Азиз Киселев пен Александра Горбачева жеңімпаз атанды.


IX жазғы Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының спартакиадасында жалпы командалық есепте ОҚО құрама командасына тең келетін қарсылас табылмады. 2 - орында Алматы қаласы, жоғары үштікті Қызылорда облысының командасы түйіндеді.