Шымкентте теннис турнирінің жартылай финал матчтары өтті

0
1 036

Осылайша финалда Ян Ханфманн мен Роберто Сид кездесетін болды. Ойын 9 маусым күні өтеді.


Шымкентте теннис турнирінің жартылай финал матчтары өтті

ERNUR.KZ. 8 маусым күні Шымкентте теннистен ATP тұжырымына кіретін теннис турнирінің жартылай финал матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғашқы болып кортқа Доминика Респбуликасының теннисшісі Роберто Сид пен боливиялық Уго Дельен шықты. Бірінші сетте жеңімпаз аты тайбректен соң анықталды. Мұнда Дельен жеңіске жетті – 7:6. Екінші сетте Роберто Сид қатесіз ойын көрсетіп, 7 – гэймде қарсыласының доп ұзату мүмкіндігінен пайдаланып 6:4 есебімен басым түсті. Бұл Робертоға жеңіске деген сенімін арттырып, соңғы шешуші сетте 6:1 есебімен қарсыласын ойсырата жеңіп финалға жолдама алды. Матч 2 сағат 44 минут жалғасты.

Ақтық сайыстың екінші жолдамасы германиялық Ян Ханфманн мен италиялық Лоренцо Жустинолардың арасында сарапқа салынды. Мұнда тәжрибе бабында қарсыласынан мықты екенін көрсетіп – 6:1, 6:0 есептерімен басым түсті.

Осылайша финалда Ян Ханфманн мен Роберто Сид кездесетін болды. Ойын 9 маусым күні өтеді.