Шымкентте теннистен халықаралық турнир басталды

0
1 159

Турнирдің бас төрешісі, грекиялық маман Димитрис Саратзидис​ Қазақстанда теннистің қарқынды дамып келе жатқанын айтады. Ол сондай - ақ, Шымкентте қысқы маусымда ойындар өткізе алатын корттардың бой көтергені қуантарлық жайт екенін атап өтті.


Шымкентте теннистен халықаралық турнир басталды

ERNUR.KZ/ 9 сәуір күні Шымкентте теннистен халықаралық турнир басталды. 3 кезеңде өтетін жарысқа Азия мен Еуропа елдерінен жалпы 100 ге жуық теннисшілер грунт корттарында кіл мықтыны анықтайды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Турнирдің бас төрешісі, грекиялық маман Димитрис Саратзидис Қазақстанда теннистің қарқынды дамып келе жатқанын айтады. Ол сондай - ақ, Шымкентте қысқы маусымда ойындар өткізе алатын корттардың бой көтергені қуантарлық жайт екенін атап өтті.

Ерлер арасында жанкүйерлер ресейлік теннисшілердің өзара бәсекелеріне куә болды. Владимир Королев жерлесі Сергей Погосянға қарсы ойын өткізіп, жеңімпаз аты екі сеттен соң анықталды. Мұнда Владимир 6:4, 6:2 есептерімен жеңіске жетті. Словакиялық Марек Семьян ресейлік Иван Калинин кортқа шықты. Матчта Марек Семьянның жолы болып қарсыласын турнирден шығарып жіберді – 6:4, 6:2.

Ресейлік Матвей Минин турнирдің 9 - ракеткасы Антон Чеховтан айласын асырып келесі айналымға жолдама алды – 6:3, 6:4. Чехов ойын кезінде өзінің доп ұзату гэймдерінде бірнеше рет қателіктерге бой алдырды.

Ақтық сайыс 16 сәуір күні өтеді. Келесі аптада теннисшілер топырақ корттарда екінші кезеңде сайысатын болады.