Шымкентте Есіркеп батырды еске алуға арналған турнир өтті

0
3 235

​Турнирге 15 команда құрамында 200 ге жуық спортшылар келді.


Шымкентте Есіркеп батырды еске алуға арналған турнир өтті
ERNUR.KZ Шымкенттегі "Жоғары спорт шеберлігі кешенінде" Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Есіркеп батыр атындағы 8 - Республикалық турнир және Шалдар Байжігіт атындағы түйе балуандар жарысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Турнирге 15 команда құрамында 200 ге жуық спортшылар келді. 35 келі салмақта облыстық ұлттық спорт мектебінің балуаны Бектөре Құрманәлі бірінші орынды иеленді.

Ол финалда шымкенттік "Қазақ күресі" клубының спортшысы Медет Тұрдықұловтан басым түсті. 42 кел салмақтСұлтанбек Әнуарбекке тең келетін қарсылас табылмады.

Түйе балуандар сайысы да тартысты өтті. Онда Жамбыл облысынан келген Рысбек жеңімпаз атанды. Екінші орынды тараздық Нұрлан Қырғызбек иеленді. Ал, жоғары үштікті Созақ балуаны Бекберген Тұрсын түйіндеді.