Шымкенттік арулар жеңіске жетті

0
1 350

Әйелдер арасында Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі басталды.


Шымкенттік арулар жеңіске жетті

Спорт – ERNUR.KZ. Футболдан əйелдер арасында Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, ел чемпионы Шымкенттің "Биік Қазығұрт" командасы топтағы алғашқы матчын Грецияның "Элпидас Кардицац" ұжымына қарсы өткізді. Оынның 8 - минутында Татьяна Ариза шымкенттіктер қақпасына гол соғып есепті ашты. Одан кейін 18 - минутта таблодағы есепті грузиялық шабуылшы Гульнара Габелья теңестірді.

Сондай-ақ, 69 - минутта Калоян Петковтың шəкірттері грециялықтар қақпашысын екінші рет қапы қалдырды. Бұл жолы угандалық Фазила Иквапут гол салып, "Биік Қазығұрт" командасына жеңіс сыйлады (2:1).

Айта кетейік, шымкенттіктер 2 - тур ойынын 10 тамыз күні Латвияның "Ригас" клубына қарсы өткізеді. "Ригас" 1 - турда Австрияның "Ланда Хауз" ұжымына 1:2 есебімен жеңілген болатын.