Шымкенттік «Қыран» футбол клубы Түркияда жаттығып жүр

0
2 436

​ERNUR.KZ. Шымкенттік жас футбол клубы «Қыран» футболшылары Түркияда елінде оқу жаттығу жұмыстарынан өтіп жатыр. Ақпанның 14-26 аралығында "қырандықтар" түркиялық төрт клуб ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізеді.


Шымкенттік «Қыран» футбол клубы Түркияда жаттығып жүр

ERNUR.KZ. Шымкенттік жас футбол клубы «Қыран» футболшылары Түркияда елінде оқу жаттығу жұмыстарынан өтіп жатыр. Ақпанның 14-і мен 26-cы аралығында "қырандықтар" түркиялық төрт клуб ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Айта кетейік, «Қыран» футбол клубы биылдан бастап жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Өткен жылы клуб сенімгерлік басқаруға көшкен болатын. Содан кейін «Қыранның» бапкерлік құрамы толығымен, ал футболшылар 50 пайызға ауысты. Биыл басқарудың осы түрі бойынша жұмысын бастаған команда алғаш рет Қазақстан бірінші лига командалары арасында Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғамақ.

Ерекше атап өтерлігі, командада кілең жас футболшылар қалды. Биыл клубқа екі өзбекстандық легионер қабылданды. Оның бірі Өзбекстандағы Олимпиадалық құраманың ойыншысы Дониор Исмаилов болса, екіншісі «Бунеткор» командасының белді ойыншысы Алибобо Рахматуллаев. Шымкенттік клуб ойыншыларының 90 пайызы қазақ футболшылары.
Фото: "Қыран" футбол клубының баспасөз қызметінен алынды.