Шымкенттік мерген Əлем чемпионатында жүлделі болды

0
986

Андрей Худяков 374 ұпай жинап, жарысты 3 - орынмен аяқтады.


Шымкенттік мерген Əлем чемпионатында жүлделі болды

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында оқ атудан 52 - Əлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ВП-11А жаттығулары бойынша қазақстандық мерген Андрей Худяков 374 ұпай жинап, жарысты 3 - орынмен аяқтап, қола медаліне ие болды. Отандасымыздан 1 ұпайға озып кеткен украиналық спортшы Даниленко күміс медалін жеңіп алды. Ал, 378 ұпаймен барлық қарсыласын артта қалдырған ресейлік Егорь Спехов алтыннан алқа тақты.