​Шымкенттік спортшы Әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

0
1 459

Айта кетейік, 2018 жылдың 25 – 28 қазан күндері Татарстанның Қазан қаласында белбеу күресінен ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті.


​Шымкенттік спортшы Әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

Шымкенттік балуан Татарстанда өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дүбірлі додада Шымкент қаласынының Ләззат Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің балуаны Мақсат Жәнділдаев бақ сынап, күміс медалімен оралды. Мақсат 90 келі салмақта кілемге шығып, алғашқы жекпе – жегін ирандық балуанға қарсы өткізіп жеңіске жетті. Кейін шымкенттік спортшы грузиялық және ресейлік қарсыластарынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Ал, ақтық сайысында Мақсат Жәнділдаев көрші қырғыз балуанына есе жіберіп, Әлем чемпионатының күміс медаліне ие болды.

Айта кету керек, спортшымыз енді ағымдағы жылдың желтоқсан айында Ресей қожайындық жасайтын Әлем кубогында ел намысын қорғайтын болады.