Шымкенттік спортшы Азияның абсолютті чемпионы атанды

0
889

Шымкенттік ауыр атлетші 3 жаттығу бойынша да алтын медальге ие болды.


Шымкенттік спортшы Азияның абсолютті чемпионы атанды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов 3 дүркін Азия чемпионы атанған Арли Чонтейді марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15-25 мамыр аралығында Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында жерлесіміз шымкенттік ауыр атлетші 3 жаттығу бойынша да алтын медальге ие болды. Жарысқа әлемнің 25 елінен кіл мықтылар қатысты.
Aрли Чонтей 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, 255 (115+140) кг салмақты көтерді. Бұл жарысқа елімізден 17 адам қатысқан болатын. Алайда, тек Aрли ғана медаль алып келіп, 55 келі салмақта абсолютті чемпион атанды.