Шымкенттік спортшылар қола медальға ие болды

0
937


Шымкенттік спортшылар қола медальға ие болды

Шымкенттік қол допшылар Ақтөбеде өткен жарыста қола медальға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылдың 8-15 қыркүйегі аралығында қол добынан Ақтөбе қаласында 2003 жыл туылған жəне одан кіші жастағы ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.

Жарыста Шымкент қаласының Л.Тəжиева атындағы 4-ші нөмірлі спорт мектебінің командасыда қатысқан болатын. Шымкенттіктер жартылай финалда сəтсіздікке ұшырап, III - орын үшін өткен бəсекеде қарсыласын жеңіп, чемпионаттың қола медаліне ие болды.