Спортшылар өнер көрсету кезінде он метрлік биіктіктен құлап кетті

0
729

​Спортшылар "Карре" корольдік театрде өнер көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта гимнастар ауруханада жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр.


Спортшылар өнер көрсету кезінде он метрлік биіктіктен құлап кетті

ERNUR.KZ. Өзбекстанның екі акробаты Нидерланд елінің астанасында өнер көрсету кезінде он метрлік биіктіктен құлады, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға Корольдік театрде болған. Куәгердің айтуынша, ер адам әйелді бір қолымен ұстап екіншісін босатқан кезде әртіс әйел құлап кеткен. Ер адам үстіне құлады.

"Ол арқасымен құлады. Қозғалған жоқ. Ал ер адамның қозғалғанын көрдім", – деді көрермен.

Sky Angels дуэтінің акробаттары сақтандырусыз өнер көрсеткен. Бұл олардың нөмірінің басты артықшылығы болатын.

Көрермендер әртістердің құлауын шоудың бөлігі деп ойлаған. Алайда кейін залдағы адамдар айқайлай бастады. Бірер минуттан соң жүргізуші шоудың аяқталғанын хабарлап, көрермендердің залдан шығуын өтінді.

Әртістердің екеуінің де жағдайы ауыр.