Су добынан Қазақстан әйелдер командасы Жаңа Зеландияны жеңді

0
711

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлеріне әлем чемпионаты өтіп жатыр.


Су добынан Қазақстан әйелдер командасы Жаңа Зеландияны жеңді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлеріне әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған сында ватерполдан Қазақстан әйелдер командасы Жаңа Зеландияны ұтты деп жазады Olympic.kz.

9-12 орын үшін өткен бірінші кездесуде қазақстандықтар Жаңа Зеландия құрамасын 14:12 есебімен жеңген.

9-шы орын үшін өтетін матчта біздің команда Канадаға қарсы ойнайды.

Кездесу 24 шілдеге жоспарланған.