Су добынан ҚР құрамасы әлемдік лига аясында жеңіске жетті

0
851

Жартылай финал матчында Қазақстан мен Жапония құрамалары кездеседі.


Су добынан ҚР құрамасы әлемдік лига аясында жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Австралияның Перт қаласында су добынан өтіп жатқан Интерконтинентальды турнирде Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Африка Республикасының құрамасын 14:8 есебімен жеңді. Ертең өтетін жартылай финал матчында Қазақстан мен Жапония құрамалары кездеседі. Еске сала кетейік, Азия ойындарының финалында Қазақстан Жапонияны бір доп айырмасымен жеңіп, чемпион атанған болатын.