Суға секіруден Қазақстан командасы құрлық додасында 3 медаль алды

0
667

Спортшылар екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.


Суға секіруден Қазақстан командасы құрлық додасында 3 медаль алды

ERNUR.KZ. Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы үш медальмен толықты, деп жазады Olympic.kz.

Лиза Борова бір метрлік трамплиннен секіруден күміс жүлдегер атанса, үш метрлік трамплиннен секіруде қолаға қол созды.

Ал Лизаның командаласы Юлия Журавлева үш метрлік трамплиннен секіруден күміс медаль жеңіп алды.