Таеквондо: Қазақстан құрамасы «Turkish Open» турнирінде алты медаль еншіледі

0
669

2 алтын, 3 күміс және 1 қола.


Таеквондо: Қазақстан құрамасы «Turkish Open» турнирінде алты медаль еншіледі

ERNUR.KZ. 3-5 ақпан күндері Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан халықаралық "Turkish open 2020" G-1 рейтингтік турнирі өтті, деп жазады Olympic.kz.

Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Қазақстан жастар құрамасы 6 медаль жеңіп алды. Бағжан Қанат 59 келіге дейінгі, Ильяс Жарылғасынов 48 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.

Абдурахман Марипов (73 келі), Әмірхан Жания (52 келі) мен Аймукашева Камила (49 келі) күміске, Тұрарова Нұрриза (68 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.