Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

0
516

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Есдәулетов келді.


Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

ERNUR.KZ. Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды, деп жазады olympic.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Есдәулетов келді. Сондай-ақ, Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті.

Айта кетерлігі, Батырбек Есдәулетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.