Танымал қазақстандық футболшы өмірден озды

0
647

Леонид Остроушконың футболдағы карьерасы толығымен "Қайрат" клубында өтті.


Танымал қазақстандық футболшы өмірден озды

ERNUR.KZ. "Қайрат"-тың ардагер ойыншысы, Қазақ КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушы Леонид Остроушко 83 жасында қайтыс болды, деп жазады ktk.kz.

Леонид Остроушконың футболдағы карьерасы толығымен "Қайрат" клубында өтті. Алты маусым барысында Жоғары лигада ойнап, 200 матч өкізген, оның ішінде 8 гол соққан. Бірінші лигада өткізген 7 маусымда Остроушко 55 рет айрықша көзге түскен.

1957 жылы жартылай қорғаушы ретінде ойнап жүріп, клубтың үздік бомбардирі атанған. Футболшы карьерасын аяқтаса да, бұл спортпен қош айтыса алмады. Ол ұзақ уақыт бойы бапкер болды.

Леонид Остроушко еңбегі "Қайрат" клубына ғана емес, семейлік "Цементник", жамбылдық "Алатау", қарағандылық "Шахтер" сынды командаларға сіңді.

Леонид Остроушко Ресей мен Өзбекстанда еңбек сіңірген бапкер атағына ие болған.