Танымал сазгер қазақ күресінен халықаралық турнир өткізеді

0
1 670

ERNUR.KZ. ​Танымал сазгер Жарылқасын Дәулет 20 мамыр күні қазақ күресінен халықаралық турнир өткізеді.


Танымал сазгер қазақ күресінен халықаралық турнир өткізеді

фото: www.inform.kz

Шымкент қаласында 20 мамыр күні Есіркеп батыр атындағы 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасындағы VIII республикалық турнирі және Шалдар-Байжігіт атындағы түйе балуандар жарысы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осымен VIII рет өткізілетін турнирге еліміздің он облысынан және көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан республикаларынан 200-ден астам балуан келмек. Бұл шараның негізгі ұйымдастырушылары ОҚО Ұлттық спорт мектебі мен Шымкент қалалық Қазақ күресі федарациясы. Сондай-ақ сайысқа демеушілік жасап отырған танымал сазгер, аталмыш турнирдің негізін қалаушы-Жарылқасын Дәулет.

"Ресми түрде республикалық деп аталғанымен, турниріміз осы жолы халықаралық статусқа ие болғалы тұр. Себебі жарысқа еліміздің 10 облысымен қатар, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен де палуандар келіп, барлығы 200 қатысушы сынға түседі", - дейді турнирдің ұйымдастырушы-менеджері Олжас КЕНЕХАН.

Жасөспірімдер арасындағы салауатты өмір салтын насихаттайтын турнирге Қазақстан барысының күміс жүлдегері Жұманазар Ерсұлтанов бастаған басқа да белгілі азаматтар арнайы қонақ болады деп күтілуде.

Жасөспірімдер сынға түсетін доданың жалпы жүлде қоры - 800 000 теңге. Ал Шалдар-Байжігіт атындағы түйе балуандар жарысының жеңімпазына алтын белбеу мен қомақты ақшалай жүлде тағайындалып отыр.

Бозкілем бәсекесінің ашылу салтанаты 20 мамыр күні сағат 12-де Орталық стадион аумағындағы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде өтеді.