​Тараз-Аренада бір күнде 2500 спортшы жаттыға алады

0
1 179

Медициналық арнайы кабинет бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектермен жабдықталған.


​Тараз-Аренада бір күнде 2500 спортшы жаттыға алады

ERNUR.KZ. «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында «Тараз-Арена» ШЖҚ МКК спорт сарайының директоры Нұрлан Саурықовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикер «Тараз-Арена» спорт сарайының 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Baq.kz.

Облысымызда дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың денсаулығын нығайту, жастарды рухани тәрбиелеу, саламатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық-спорттық жарыстарды ұйымдастырып өткізу бағытында «Тараз-Арена» спорт сарайы бірқатар іс-шаралар атқарды. «Тараз-Арена» спорт сарайының алғашқы қазығы 2011 жылдың 30 мамырында қағылды. Құрылысқа жалпы құны 5 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Спорт сарайы 2013 жылдың қыркүйек айында халық игілігіне пайдалануға берілді.

Жалпы жер телімінің көлемі – 8 гектарға жуық, спорт сарайының жалпы көлемі – 25144 м2, спорт алаңшаларының ауданы – 17709 м2.

"Спорт кешенінің бес ауысымдағы өткізу қабілеттілігі, сыртқы алаңдарды қосқанда 15 спорт түрімен 2500-ға тарта спортшы бір күнде спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Жалпы спорт залдарының саны – 12 - әмбебап зал, кіші спорт зал, ауыр атлетика залы, тренажер залы, бокс залы, грек-рим және еркін күрес залы, үстел теннисі залы, таеквондо залы, дзюдо залы, спорттық би залы, тир, жүзу бассейні", - деді ол.

Сонымен қатар, медициналық арнайы кабинет бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектермен жабдықталған.

Барлық спорт залы арнайы қажетті заманауи стандартқа сай спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Ақылы қызмет көрсететін спорттық жайлардың баға прейскуранты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан бекітіледі.

Спорт сарайының мекншік иесі «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болса, басқарып отырған мекеме «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.