Ташкентте қазақтан жеңілген Ресейлік нокаутшы карьерасын аяқтады

0
407

Енді ол кәсіпқой боксқа ауыспақ ниетте.


Ташкентте қазақтан жеңілген Ресейлік нокаутшы карьерасын аяқтады

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік боксшы Имам Хатаев әуесқойдағы карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп жазады vesti.kz.

Енді ол кәсіпқой боксқа ауыспақ ниетте. Бұл туралы боксшының өзі Ташкентте өткен әлем чемпионатынан кейін мәлімдеді. Жартылай финалда Нұрбек Оралбайдан жеңілген Хатаев ӘЧ-нің қола жүлдегері атанды.

"Бұл менің әуесқой карьерамдағы алғашқы және соңғы әлем чемпионаты. Кәсіпқойға өтемін деп шешім қабылдадым. Жасым өтіп барады, оның үстіне көбі менің стилім кәсіпқойға тән дейді. Өзім де кәсіпқойға кету керегін сезіп жүрмін", - деп береді Хатаевтың сөзін "Матч ТВ".