Ташкенттегі ӘЧ жүлделері үшін қазақ боксшылар қанша сыйақы алатыны айтылды

0
592

Финалға 5 қазақстандық боксшы шығып, оның төртеуі алтын жүлде иеленді.


Ташкенттегі ӘЧ жүлделері үшін қазақ боксшылар қанша сыйақы алатыны айтылды

ERNUR.KZ. Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жетістіктері үшін қазақстандық боксшылардың қомақты жүлде қоры анықталды, деп жазады vesti.kz.

Финалға 5 қазақстандық боксшы шығып, оның төртеуі алтын жүлде иеленді.

Бұған дейін әлемдік турнирдің жеңімпаздары IBA сыйақысы – әрқайсысына 200 000 доллардан алатыны белгілі болды.

Ташкенттегі турнир чемпиондарына Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) тағы 100 000 доллардан төлейді.

Қазақстан құрамасы боксшыларының 2023 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі гонорары:

1. Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
2. Махмуд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
3. Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
4. Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі категорияда чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге).
5. Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде вице-чемпион) – 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).