Теннис: Александр Бублик Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

0
605

Бүгін жаңартылған дүниежүзілік рейтингте А.Бублик 71-сатыдан бірден 57-орынға көтерілді.


Теннис: Александр Бублик Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

ERNUR.KZ. Теннистен Александр Бублик Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін жаңартылған дүниежүзілік рейтингте А.Бублик 71-сатыдан бірден 57-орынға көтерілді. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы болған Михаил Кукушкин екі сатыға төмендеп, 60-орынға жайғасты.

А.Бубликтің бірден 14 орынға жоғарылауына Қытайдағы Чэнду турнирінде табысты ойнауы мүмкіндік берді. Онда ол финалға дейін жетіп, испаниялық Пабло Карреньо-Бустадан жеңіліп қалды. М.Кукушкиннің қайтадан бірінші ракетка атанатындай мүмкіндігі бар. Ол үшін Бейжің турнирінде сәтті өнер көрсетуі керек.

М.Кукушкин алғашқы айналымда осы жарыстың 6-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньинимен шеберлік байқасады.

Әйелдер арасындағы рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева 38-ден 37-ге, сондай-ақ Елена Рыбакина 50-ден 43-ке, Зарина Дияс 78-ден 77-орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Чэнду турнирінің финалында ұтылып қалғанын, Ю.Путинцеваның әлемнің 1-ракеткасымен кездесетінін жазған болатынбыз.