Теннис: Тимофей Скатов Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шықты

0
2 618

Скатов ширек финалға шығу үшін рейтингте 171-сатыдағы аустриялық Себастиан Офнермен таласады.


Теннис: Тимофей Скатов Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық Тимофей Скатов елордада өтіп жатқан Forte Challenger 125 турнирінің екінші айналымына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Т.Скатов бастапқы кездесуін отандасы Дмитрий Попкомен өткізді.

Д.Попко дүниежүзілік рейтингте 183-орында болса, 20 жастағы Т.Скатов 456-сатыда еді.

Бірінші партия барысында қарсыластар брейк алмасумен болды. Дегенмен есеп 4:3 болған мезетте Т.Скатов өз геймін ала білді. Содан кейін бір сағатқа созылған тартысты сетті өз пайдасына шешті.

Тимофей екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Д.Попко таразы басын теңестіргенімен, Т.Скатов қайта алға шықты – 4:2. Ақыры ол екінші матчболын сәтті пайдалана алды – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды.

Т.Скатов ширек финалға шығу үшін рейтингте 171-сатыдағы аустриялық Себастиан Офнермен таласады. Ол бастапқы кездесуінде әлемнің 127-інші, осы доданың 6-ракеткасы, ресейлік Евгений Донскойды 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.