Теннис: Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

0
711

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген З. Дияс жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған бразилиялық Майя Хаддад Беатриспен шеберлік байқасты.


Теннис: Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық, әлемнің 104-ракеткасы Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің финалына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген З.Дияс жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған бразилиялық Майя Хаддад Беатриспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 43 минутқа созылған матчта 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

З.Дияс финалда әлемнің 78-інші, осы доданың 1-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шыққанын, қазақстандық теннисшінің елордадағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.