Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы коронавирус жұқтырды

0
598

Спортшы 14 күн бойы оқшауланады.


Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Сербиялық теннисші, ерлер арасында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Хорватиядағы турнирде коронавирус жұқтырып алған. Спортшының әйелінен де инфекция анықталған, деп жазады kaz.nur.kz.


"Біз турнирді вирус бәсеңдей бастағанда ұйымдастырған едік. Қазіргі жағдайда жарысты өткізуге болады деп сендік. Өкінішке орай, вирус кеткен жоқ және үйренуге тура келетін шындық. Мен турнирдегі әрбір вирус анықталған жағдай үшін қатты өкінемін. Бұл ешкімнің денсаулығына зиянын тигізбейді және барлығы жақсы болады деп үміттенемін. Мен 14 күн бойы оқшауланамын. Бес күннен соң тағы тест тапсырамын", - деді Джокович.


Айта кетейік, бұған дейін сол турнирде болгариялық Григор Димитров пен хорватиялық Борна Чоричтен коронавирус анықталғаны белгілі болған еді.