Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

0
415

Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы кездесуін Индонезиямен өткізеді.


Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

ERNUR.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы топтық сайысының жеребесі тартылды, деп жазады olympic.kz.

Қазақстандық құрама D тобында Индонезия, Шри-Ланка және Пәкістан командаларымен ойнайды. Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы кездесуін Индонезиямен өткізеді.

Іріктеу матчтары 25-30 сәуір аралығында өтеді. Аталған командалық жарыста ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды. Құрама капитаны - Сергей Квак.