Теннистен US Open додасы басқа қалада өтуі мүмкін

0
492

US Open додасын 24 тамыз бен 13 қыркүйек арасында өткізу жоспарланған.


Теннистен US Open додасы басқа қалада өтуі мүмкін

ERNUR.KZ. Теннистен АҚШ ашық біріншілігінің ұйымдастырушылары Үлкен дулыға додасын басқа қалаға өткізуді қарастырып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

US Open жарысы жыл сайын дәстүрлі түрде Нью-Йоркте өтеді. Қазіргі таңда елде коронавирус жайлаған тұста Нью-Йорк негізгі күрес ошағына айналып отыр.

Осыған байланысты Индиан-Уэллс жарыс қабылайтын қала ретінде қарастырылуда. Қаланың инфрақұрылымы Үлкен дулыға сынды ауқымы үлкен жарысты қабылдауға дайын.

Айта кетерлігі, US Open додасын 24 тамыз бен 13 қыркүйек арасында өткізу жоспарланған.