Токио-2020: ауыратлет Игорь Сон Қазақстан қоржынына екінші медальды салды

0
525

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үшінші орын алды.


Токио-2020: ауыратлет Игорь Сон Қазақстан қоржынына екінші медальды салды

ERNUR.KZ. Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына екінші медальды салды. Ол қос жаттығу нәтижесінде жарысты үшінші болып аяқтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жұлқа көтеру жаттығуында жерлесіміз 131 келіні бағындырған. Ол 134 келіні де басынан асырғанымен, төрешілер мұны есепке алған жоқ. Осылайша ол бірінші кезеңді төртінші орынмен аяқтады.

Ал, серпе көтеруде Игорь Сон 163 келіні бағындырды. Қос жаттығудың есебінде 294 келімен ол үшінші орынға жайғасты. Бірінші орын қытайлық Ли Фабинге бұйырды.

Еске салайық, кеше дзюдошы Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салған болатын. Ол Олиппиада ойындарының қола жүлдегері атанды.