Токио-2020: Сәкен Бибосынов алғашқы жеңісіне қол жеткізді

0
619

Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.


Токио-2020: Сәкен Бибосынов алғашқы жеңісіне қол жеткізді

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп жазады baq.kz

52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.

Айта кетелік, бүгінге дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Зәкір Сафиуллин (63 келі) Токио ойындарындағы алғашқы жеңісін еншілеген болатын.