Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады

0
743

Ойын біткен соң бұлар өңдеуге жіберіледі.


Токио Олимпиадасына қатысушылардың төсегі картоннан жасалады

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадалық ойындарға қатысатын спортшылар жататын кереуеттердің тірегі картоннан жасалады, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

Ал матрасы пластиктен дайындалмақ. Ойын біткен соң бұлар өңдеуге жіберіледі.

Токиодағы Олимпиада ауылының менеджері Такэси Китадзиманың айтуынша, картон кереуеттер 200 келі салмақты көтере алады. Тіпті, олар ағаш төсектен де мықты көрінеді.

Олимпиада қалашығына осындай 18 мың кереует қойылады, ал Паралимпиада ойындары кезінде оның 8 мыңы ғана пайдаланылады.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы биыл 24 шілде - 9 тамыз аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамызда басталады, 6 қыркүйектте аяқталады.