Токио Олимпиадасының медалі қандай болады – алғашқы суреттер жарияланды

0
2 494

​Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дәстүрлі спорт додасы 2020 жылдың жазында өтуі тиіс еді. Алайда, пандемияға байланысты бұл шараны кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылданды.


Токио Олимпиадасының медалі қандай болады – алғашқы суреттер жарияланды

ERNUR.KZ. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаз спортшылар мойнына тағылатын медаллдардың үлгісін көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы Olympics ұйымының твиттердегі парақшасында жазылды деп жазады sputniknews.kz.

Токио ойындарының эмблемасы мен дәстүрлі итимацу үлгісі медальдың қақ ортасында орналасқан.

Айта кетейік, мұндай дизайнды жапондықтар жазғы спорт ойындарын өткізуге дайындық барысында, яғни 2019 жылы ұсынған. Ал дәстүрлі шара былтыр жазда өту тиіс болғанымен, коронавирус пандемиясы оның ұйымдастырылуына өзіндік әсерін тигізді.

Бастапқы кезде бұл шараны мүлдем тоқтатып тастау мәселесі көтерілді. Кейіннен ресми Токио Олимпиада өткізу құқығын сақтай отырып, оны жай ғана кейінге шегеру шешімін қабылдады.




Ал медальдарға қатысты қызықты сәттің бірі 2019 жылы болды: жергілікті тұрғындар медаль жасау үшін екі жыл бойы ақаулы смартфондар мен планшеттерді және компьютерлерді жинауды қолға алды. Сөйтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында жиналған 80 мыңнан астам гаджеттің бағалы металдары алынып, медаль жасау үшін балқытылды.

Ал оның жобасын жасауды жапондық дизайнер Дзюнъити Каваниси қолға алды.