Токиода 2020 жылғы Олимпиаданың негізгі стадионы ашылды (видео)

0
859

Стадионның сыйымдылығы - 60 000 орын.


Токиода 2020 жылғы Олимпиаданың негізгі стадионы ашылды (видео)

ERNUR.KZ. Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиаданың негізгі стадионының ашылу салтанаты өтті, деп жазады Prosports.kz.

2016 жылдың желтоқсанында билік қолданыстағы стадионды қайта құруға шешім қабылдады және құрылысқа 157 миллиард жапон иенасын (шамамен 1,5 миллиард доллар) инвестициялады.

Оның сыйымдылығы - 60 000 орын.

Рәсімде жапон барабандары, бишілері мен музыканттары өнер көрсетті, мерекелік шеру және лазерлік шоу болды. Ашылуға көптеген атақты спортшылар қатысты, солардың бірі - Усейн Болт трекпен жүгірді.