Төлеби ауданында спорттық сайыс өтті

0
1 950

Қыздар және ұлдар командалары арасында өткен жарыс өте тартысты өтті.


Төлеби ауданында спорттық сайыс өтті

Түркістан облысы Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 1-2 желтоқсан күндері Ленгер қаласының №7 ЖОМ спорт залында 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған баскетболдан 2003-2004 және 2005-2006 жылы туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында аудан біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарысқа 6 құрама командалар қатысып 70-ке тарта спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында I орын Ленгер қаласының №7 ЖОМ командасы иеленді, II орын Шымкент қаласының №12 ЖОМ командасы жңіп алса, III-орын Киелітас ауыл округі №16 ЖОМ командасына бұйырды.

Ал қыздар арасында I орын Қаратөбе ауыл округі Сарқырама ЖОМ командасына, II орын Ленгер қаласының №7 ЖОМ командасына, III орын Ленгер қаласының №3 ЖОМ командасының қанжығасына байланды.

Аса тартысты өткен жарыстың жеңімпаздарына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тиісті дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Айта кету керек, аталған жарыс жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау; жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Дереккөз: Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі