Тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

0
1 939

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 23 - 31 наурызы аралығында Астанада тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.


 Тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 23 - 31 наурызы аралығында Астанада тоғызқұмалақтан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің барлық өңірінен 300 ге жуық спортшы, 15 команда бақ сынаған бәйге жарыстары классика, рапид, блиц түрінен өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айтулы турнирде 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында 1,2 - орынды иеленгенден биыл өтетін Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Осы сайыста алғаш рет жастар арасында рапид түрі қосылды.

Қортынды нәтижелер төмендегідей:

17 жас қыздар:

1-орын Нұрай Мектепхан Қызылорда облысы

2-орын Балнұр Айжарық Қызылорда облысы,

3-орын Ерниязова Дильназ Батыс Қазақстан облысы

17 жас ұлдар: 1-орын Диас Жанбау Ақтөбе облысы

2-орын Жарылқасын Беркінбаев Оңтүстік Қазақстан облысы

3-орын Тұрақбай Жұмакелді Маңғыстау облысы

19 жас қыздар:

1-орын Мөлдір Серіккызы Ақтөбе облысы

2-орын Аида Карина Батыс Қазақстан облысы

3-орын Аружан Салман Оңтүстік Қазақстан облысы

19 жас ұлдар: 1-орын Әсет Қайыржанов Батыс Қазақстан облысы

2-орын Мұса Едигенов Қостанай облысы

3-орын Алмаз Сериков Павлодар облысы