Тұңғыш рет шынтақтап тұрудан жарыс өтті

0
719

Төрешілер оларды тікелей эфирде бақылап отырды.


Тұңғыш рет шынтақтап тұрудан жарыс өтті

ERNUR.KZ. Елімізде алғаш рет шынтақтап тұру бойынша онлайн жарыс өтті. Онлайн додаға 70-тен аса адам қатысқан, деп жазады Aikyn.kz.

Жарысқа қатысушылар 3 жас деңгейі бойынша өзара мықтыны анықтады. Арнайы бағдарлама барлық спортшының бір мезетте бәсекеге түсті.

Төрешілер оларды тікелей эфирде бақылап отырды.

Нәтижесінде, ерлер арасында елордалық Виктор Шугайға тең келер ешкім болмады. Оның көрсеткіші – 8 минут 41 секунд.

Ал әйелдер арасында Елизавета Склярова үздік атанды. Бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясының мамандары жеңімпаздардың жүлдесін үйлеріне апарып берді. Алдағы уақытта осындай форматтағы тағы бірқатар жарыс ұйымдастыру жоспарда бар.

Қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат Ерғалиев: «Өте қызықты өтті. Әкімшілік тарапы медальдар мен сыйлықтарды үйлеріне апарып берді. Алдағы уақытта да осындай жарыстарды өткіземіз. Жарыс тұрғындарды спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылып жатыр», – деді.