ТҮРКІСТАН: Бекзаттың салмағындағы чемпион анықталды

0
1 489

56 келі салмақта бүгінгі турнирде жеңімпазы атанған кім?


ТҮРКІСТАН: Бекзаттың салмағындағы чемпион анықталды

Қатарынан екі жыл бойы Бекзат Саттархановтың еске алу турниріне қатысқан спортшы бүгін де Бекзаттың Олимпиада чемпионы болған салмақ дәрежесінде чемпион атанып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі

Бүгін Түркістан қаласында өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы бокстан XVIII халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Өткен жылы аталған турнирге қатысқан Асхат Татанбек финалға дейін жетіп, 2-ші орын орын алған болатын. Биыл алдыңғы жылдың қателіктерін ескере отырып 56 келі салмақта бүгінде турнир жеңімпазы атанып отыр. Асхат Татанбек Қазақстан Республикасы чемпионатының финалисті, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Еске салайық, Сидней қаласында өткен Олимпиадада Бекзат Саттарханов жартылай жеңіл 57 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанған.