Түркістан облысында дзюдодан халықаралық турнир өтті

0
1 316

Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа елімізден бөлек, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан және Тәжікстаннан 300-ден аса балуан қатысты.


Түркістан облысында дзюдодан халықаралық турнир өтті

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш қаласында Жеңіс күні мерекесіне орай дзюдодан аудан әкімінің жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті, деп жазады «Хабар 24».

Жас өрендердің аяқ алысын байқау үшін Қазақстан құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов, есімдері елге таныс Базарбек Донбай мен Мұхтархан Ділдәбеков секілді ардагер спортшылар да Сарыағашқа арнайы келіпті. Жарысты ұйымдастырушы Бақтияр Құнақынов алдағы жылдары алыс-жақын Еуропа елдерінен де спортшылар шақыруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

"Бүгінгі жарысқа олимпиада және әлем чемпиондары қатысып отыр. Сол жігіттердің көбі ауылдан шыққан", - дейді Бақтияр Құнақынов, жарысты ұйымдастырушы

Екі күн бойы «Нұрораз» спорт кешенінде 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен спортшылар арасында кіл мықтылар топ жарды. Бекасыл Бейсенбаев пен Дилшад Бектұрсын, Нұрасыл Есенгелді, Жаңабай Нышандардың шеберлігіне жұрт тәнті болды. Командалық есепте Шымкент қаласы бас жүлдені иеленді.