Түркістан облысында спорт түрлерінен спартакиада өтті

0
1 517

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дəрежедегі медаль жəне мақтау қағаздарымен марапатталды.


Түркістан облысында спорт түрлерінен спартакиада өтті

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында спорт түрлерінен спартакиада өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сарыағаш аданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына жəне алда келе жатқан спорт күні мерекесіне орай спорт мектептерінің оқушылары арасында аудандық спартакиада өтті.

Аталмыш спартакиада спорттың волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, бокс, дзюдо, қазақ күресі, еркін күрес, самбо, тоғызқұмалақ, шахмат түрлерінен ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дəрежедегі медаль жəне мақтау қағаздарымен марапатталды.