Түркістан облысының балуаны Азия чемпионатында топ жарды

0
1 228

Əділжан осымен 4 - рет құрлық чемпионы атанып отыр.


Түркістан облысының "Ұлттық спорт түрлері мектебінің" балуаны Əділжан Ыстыбаев қазақ күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол 27 тамыз күні Шымкентке оралды. Əділжан осымен 4 - рет құрлық чемпионы атанып отыр. Ол Азия чемпионатында 3 жекпе - жек өткізді. Ыстыбаев алғашқы белдесуінде пакистандық қарсыласынан басым түсті. Кейін түркменстандық балуанды жарыстан шығарып жіберді. Ол финалда моғолды жеңіп алтын медаль иесіне айналды.