ТҮРКІСТАН: Шардарада тұңғыш рет найза мен ядро лақтырудан сайыс өтті

0
2 657

Бұл сайыста өнер көрсеткен спортшылар - найза лақтырудан Низамиддин Дастан, ядро лақтырудан - Оразәлі Аружан және Елікбаев Бексұлтан үздік спортшы атанды.


ТҮРКІСТАН: Шардарада тұңғыш рет найза мен ядро лақтырудан сайыс өтті

Түркістан облысындағы Шардара қаласында бұрын соңды болмаған олимпиада спорт түріне жататын найза лақтыру және ядро лақтыру спорт түрінен Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ашылып, алғашқы жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Спорт-есірткі және есірткі бизнесіне қарсы" ұранымен найза лақтыру және ядро лақтыру спортынан 2001-2003 жылы туылған және 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі болып өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз бастаған Шардара ауданы әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы алғаш рет ашылып отырған спорт түрінің Шардара өңірінде дамып, болашақ олимпиада чемпиондары шыға беруін тіледі.
Түркістан облысының найза лақтыру және ядро лақтыру спортының аға жаттықтырушысы Инкина Наталья Святославовна төрешілік еткен сайыс өте қызықты әрі тартысты болып өтті.
Найза лақтырудан 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында 39,40 м қашықтыққа лақтырған Свет Ердаулет 1-орын алса, Әуесбек Медет 33,72 м-ге лақтырып күмістен алқа тағынды, ал 33,29 м-ге лақтырған Әбдіш А. 3-орынды қанағат тұтты.
2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында 26,40 м-ге лақтырған Қапаш Ақәділ - ІІІ орын, 27,00 м - Мамыр Бауыржан - ІІ орын, 28,44 м лақтырған Аманбек Медет - І орынға қол жеткізіп алтыннан алқа тақты.
Ядро лақтырудан жасөспірім қыздар арасында Ергешова Мадина 7,45 м-ге лақтырып І орын алса, Аждурлиева Мадина 6,17 м қашықтыққа лақтырып ІІ орыннан көрінді, Оразалы Аружан 5,26 м-ге лақтырып ІІІ орынға қол жеткізді.
Ядро лақтырудан 2001-2003 ж.т жасөспірім ұлдар арасында Свет Ердаулет 9,14 м-ге лақтырып І орын, Ибрагимов Паша 8,90 м-ге лақтырып ІІ орын, Амангелді Нұрбек 8,18 м лақтырып жүлдері ІІІ орынға қол жеткізді.

2004-2006 ж.т жасөспірім ұлдар арасында 8,20 м қашықтыққа лақтырған Өсерxан Нұрбақыт - І орын, 7,45 м лақтырған Аманбек Медет - 2 орын, 7,10 м лақтырған Елікбаев Бексұлтан - 3 орын. Сондай-ақ бұл сайыста өнер көрсеткен спортшылар - найза лақтырудан Низамиддин Дастан, ядро лақтырудан Оразәлі Аружан және Елікбаев Бексұлтан үздік спортшы атанды.

Жарыс соңында спортшылар медаль, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дереккөз: "№4ОРМБЖСМ-ақпарат"