Түркістанда Бекзаттың ізін басқан бір дарын өсіп келеді

0
2 278

Қазіргі таңда Түркістан боксы қандай деңгейде? Әбдісалан Нұрмаханов пен Бекзаттай тұлға қалыптасты ма? деген ой әркімді де мазалайтыны шындық.


Түркістанда Бекзаттың ізін басқан бір дарын өсіп келеді

Бүгінде Түркістан топырағынан Әбдісалан Нұрмаханов пен Бекзат Саттархановтың ізін жалғаған боксшы ұлдар өсіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталының Түркістан қаласындағы тілшісі.

Бүгінде қазақ боксы әлемдік деңгейде үздік үштіктің қатарында. Бұл

шаршы алаңда қолғап түйістіріп талай халықаралық жарыстарда,
олимпиадаларда топ жарып жүрген даңқты боксшыларымыздың
еңбегінің нәтижесі. Олимпиада демекші, әлем мықтыларының
бәсекесінде ел қоржынын алтын алқамен толтырып, көк байрағымызды
желбіретіп, Әнұранымызды әлемге танытқандар арасында нақ осы
былғары қолғап шеберлерінің саны жоғары.
Ал, Түркістан боксы десе Әбдісалан Нұрмаханов пен Бекзат
Саттархановты еске алмайтын жан кемде-кем. Қазақ боксының тарихында
бокс әлемінің қара нары атанған Ә.Нұрмахановтың қазақ боксының дамуы
жолында атқарған еселі еңбегі мен Ер Бекзаттың ерлігі күллі қазақ
жұртының мақтанышы екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Өмірден өтсе де
көңілден кетпейтін Түркістанның дара түлегі Сидней Олимпидасындағы
алтынын «барша қазақ жұртына арнаймын» деп туған елге деген махаббатын
осылайша білдірсе керек.
Қазіргі таңда Түркістан боксы қандай деңгейде? Әбдісалан Нұрмаханов пен
Бекзаттай тұлға қалыптасты ма? деген ой әркімді де мазалайтыны шындық.
Осы сауалға толығымен қаламызда бокс спорты дамытылып, мықтап қолға
алынған деп жауап беруге болады. Олай дейтініміз Ә.Нұрмаханов атындағы
облыстық Олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен
жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң түлегі Бек Нұрмағанбетті айта аламыз. Талай
сындардан сүрінбей өтіп республикалық, халықаралық сайыстарда топ
жарып жүрген боксшы толағай табыстарды еңсерді.
Жастар арасында әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi атанған Бек
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Финляндия елінің астанасы Хельсинки
қаласында өткен «Gee Bee» турнирiнде 81 келi салмақ дәрежесiнде
жұдырықтасып, алтын медаль олжалады. Қазақстан құрама командасының
сапына 2018 жылдан бастап қабылданған ол «Астана Арландары» клубының
да атынан өнер көрсетуде. Жақында түркістандық боксшымен тілдесудің реті
келіп, алға қойған жоспарларымен бөлісуін сұраған болатынбыз.
- Мен 1998 жылы ақпанның он үшінші жұлдызында Түркістан қаласында
туылдым. Қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейін бітіріп,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің спорт және өнер факультетіне оқуға түстім.
Биыл Алла қаласа университетті тәмамдаймын. 5-сыныптан бастап бокс
әліппесін үйреніп, спортта жүргеніме 10 жылға жуық уақыт болды. Отбасым
әр қадамымды қолдап, әрқашан тілекші болып отырады. Бүкіл әлемдік бокс
сериясында «Астана Арландары» клубының құрамындағы алғашқы жекпе-
жегім Атырау қаласында «Ұлыбритания арыстан жүректілері» клубының
мүшесі Леведен Нуамен өтті. Оған лайықты тойтарыс беріп, ұпай
айырмашылығымен жеңіске жеттім. Алға қойған жоспарларыммен бөлісер
болсам 26-28 қыркүйек аралығында Қытай ХР-да өтетін «Астана Арландары»
мен «Куба домадорлары» арасында өтетін финалдық кездесуге қатысамын.
Одан соң Қазақстан біріншілігіне қатысуды мақсат етіп отырмын,-дейді
боксшы Бек Нұрмағанбет.
Сұхбат барысында боксшы Түркістан қаласының жаңа облыс орталығы
атанғанына қуанышты екенін жеткізді. Ол еліміздің, киелі қаламыздың атын
асқақтата беретін боламын деп түйіндеді сөзін. Әрине оған біздің де
күмәніміз жоқ. Сайыпқыранның болашағы жарқын болып, жеңісті де
жемісті күндері көп болсын демекпіз.