​Түркістандық мемқызметшілер арасындағы волейбол өз мәресіне жетті

0
1 349

Екі күнге созылған жарысқа жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменттерден құралған 38 команда қатысып, өзара бақ сынады.


​Түркістандық мемқызметшілер арасындағы волейбол өз мәресіне жетті

«1 желтоқсан -Тұңғыш Президенті күні» және 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі күнге созылған жарысқа жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменттерден құралған 38 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Қызықты әрі тартысқа толы ойын жеңімпаздар арасында өткен суперфиналда болды.

Өз топтарының арасында қарсылас шыдатпаған жеңімпаз командалар, яғни 1 орынды - Статистика департаменті, 2 орында - Бәйдібек ауданы,ал 3 орынды - Облыс әкімі аппараты иемденді.

Турнирдің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев арнайы қатысып, барлық қатысушы командаларға өз атынан алғыс білдірді.

Байқау қорытындысымен жүлдегер командалар және үздік ойыншылар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен мараппатталды.

Сондай-ақ, турнирді ұйымдастыруда белсенділік танытқан бірқатар спорт саласының үздіктеріне арнайы номинациялар берілді.

Айта кетсек, турнирге Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, волейболдан халықаралық дәрежедегі төреші Қуатбек Айдарбеков төрелік етті.